Қарағанды қаласының №27 Жалпы білім беретін мектебі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы және Қарағанды Е.А.Бөкетов Университетімен бірлесе отырып, 2022 жылғы 28 наурыз бен 8 сәуір аралығында «Балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагогика кадрларына арналған «Қосымша білім берудегі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды дамыту» тақырыбында 80 сағаттық Республикалық біліктілікті арттыру курсын өткізді. Курс онлайн режимде, екі тілде өткізілді (қазақ тілінде I топ және орыс тілінде I топ). Курсқа Республикамыздың барлық өңірінен балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагог кадрлары қатысты. Курс «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Қазақстан Республикасында балаларға қосымша білім беру: жағдайы және даму келешегі», «Балаларға қосымша білім беру ұйымдарындағы білім беру үдерісінің психологиялық-педагогикалық аспектілері», «Бала жағдайының психологиялық-педагогикалық диагностикасы», «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік оңалту бойынша қосымша білім беруді ұйымдастыру», «Әртүрлі категориядағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру үдерісіндегі педагогтің рөлі» және тағы басқа өзекті тақырыптарды қамтыды. Курсты Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының, Қарағанды Е.А.Бөкетов Университетінің оқытушылары және №27 Жалпы білім беретін мектебінің білікті мамандары жүргізді. Курстың ұйымдастырылуы, өткізілуі жоғары бағаланып, №27 Жалпы білім беретін мектебінің ұжымы қосымша білім беру, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды дамытуға қосқан үлестері үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы директорының Алғыс хатымен марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Comments are closed.