16 наурызда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы білім бөлімдерінің әдіскерлері, жалпы білім беретін мектеп директорларының орынбасарлары үшін облыстық семинар өткізді.
Бүгінгі таңда әдіскерлерге ерекше жауапкершілік жүктеледі, себебі инклюзивті оқытудың сапасы мен мұғалімдердің ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеуге дайындығы олардың құзыреттілік деңгейіне байланысты.
Іс-шара барысында кәсіби дағдыларды жетілдіру және әдістемелік жұмыстың сапасын арттыру, педагогтердің құзыреттіліктерін дамыту, педагогтерді қайта даярлау және
жоғары оқу орындарының түлектерін тарту арқылы мамандарға қажеттілікті азайту мәселелері қаралды.
Спикерлер ретінде білім бөлімдерінің әдіскерлері (Абай ауданы Пфайфер Л.А., Шахтинск қ. Қыстаубаева А. З., Балқаш қ. Мирошниченко Н. С.) сөз сөйледі.
Қарағанды қаласының №27 ЖББМ облыстық ресурстық орталығының мамандары жалпы және арнайы сыныптарда интеллектісі бұзылған балаларды оқытуды ұйымдастыру, жеке бағдарлама жасау, оқушылардың жетістіктерін бағалау және т.б. туралы толық түсініктемелер берді.
Кездесу соңында негізгі міндеттер белгіленіп, жергілікті жерлерде педагогтерге тиімді әдістемелік қолдауды ұйымдастыру бойынша одан әрі қадамдар жоспарланды.
16 марта Учебно – методическим центром развития образования проведен областной семинар для методистов отделов образования и заместителей директоров общеобразовательных школ.
В ходе мероприятия рассмотрены вопросы совершенствования профессиональных навыков и повышения качества методической работы, развития компетенций педагогов, снижения потребности в специалистах путем переподготовки педагогов и привлечения выпускников вузов.
В качестве спикеров выступили методисты отделов образования Абайского района (Пфайфер Л.А.), г.Шахтинск (Қыстаубаева А.З.), г. Балхаш (Мирошниченко Н.С.).
Специалистами областного ресурного центра ОШ №27 г.Караганды даны подробные разъяснения по организации обучения детей с нарушением интеллекта в общих и специальных классах, составлению индивидуальной программы, оцениванию достижений учащихся и др.
В завершение встречи обозначены ключевые задачи и намечены дальнейшие шаги по организации действенной методической поддержки педагогам на местах.