31 қазан — 1 қараша аралығында Қарағанды қаласының №27 ЖББМ облыстық ресурстық орталығының базасында ауыл мектептерінің педагогтері мен мамандары үшін кеңес беру — әдістемелік күндер өткізілді.
Аталған іс — шара педагогтердің ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту және психологиялық — педагогикалық сүйемелдеу мәселелері бойынша құзыреттіліктерін арттыруға, күрделі педагогикалық жағдайларды шешуге көмек көрсетуге бағытталған.
Бүгінгі таңда № 27 ЖББМ-де ерекше білім беру қажеттіліктері бар 135 бала оқиды. Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған 3 арнайы сынып, зерде бұзылыстары бар балаларға арналған 4 арнайы сынып ашылды, онда 65 оқушы оқиды.
Мектепте кәсіби және психологиялық дайындалған педагогикалық кадрлар бар. Психологиялық — педагогикалық сүйемелдеу қызметінің құрамы: инклюзивті білім беру үйлестірушісі, 6 арнайы педагог, 3 логопед, 3 психолог, әлеуметтік педагог, 4 педагог — ассистент, балалар дәрігер — психиатры.
Қатысушылар мектептің құрылымдық бөлімшелерімен (инклюзивті білім беру кафедрасы, ресурстық орталық және психологиялық — педагогикалық сүйемелдеу қызметі), психологтерге, логопедтерге, дефектологтерге арналған заманауи жабдықтармен және дамытушы материалдармен жабдықталған арнайы кабинеттермен танысуға мүмкіндік алды.
Практикалық бөлім ашық диалог және мұғалімдердің туындаған мәселелері мен қиындықтарын талқылау түрінде өтті. Ыңғайлы болу үшін пән мұғалімдері мен сүйемелдеу қызметінің мамандары үшін оқытудың екі тілінде жеке алаңдар ұйымдастырылды.
Соңында қатысушылар іс — шараға жоғары баға беріп, оның уақтылығы мен практикалық пайдасын атап өтті.
31 октября — 1 ноября на базе областного ресурсного центра ОШ№27 г.Караганды
проведены консультативно — методические дни для педагогов и специалистов сельских школ.
Данное мероприятие нацелено на повышение компетенций педагогов по вопросам обучения и психолого — педагогического сопровождения детей с особыми образовательными потребностями, оказание помощи в разрешении сложных педагогических ситуаций.
На сегодня в ОШ№27 обучается 135 детей с особыми образовательными потребностями. Открыты 3 специальных класса для детей с задержкой психического развития, 4 специальных класса для детей с нарушением интеллекта, где обучается 65 учащихся.
В школе имеются профессионально и психологически подготовленные педагогические кадры, в составе Службы психолого — педагогического сопровождения: координатор инклюзивного образования, 6 специальных педагогов, 3 логопеда, 3 психолога, социальный педагог, 4 педагога — ассистента, детский врач — психиатр.
Участники получили возможность ознакомиться со структурными подразделениями школы (кафедра инклюзивного образования, ресурсный центр и Служба психолого — педагогического сопровождения), специальными кабинетами для психологов, логопедов, дефектологов, оснащенными современным оборудованием и развивающими материалами.
Практическая часть прошла в форме открытого диалога и обсуждения проблем и затруднений педагогов. Для удобства были организованы отдельные площадки для педагогов — предметников и специалистов Службы сопровождения на двух языках обучения.
По завершению участниками дана высокая оценка мероприятию и отмечена его своевременность и практическая польза.